Ажарына әлем сүйсінген Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Aq jol» газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты газет-айтыс бастау алғалы бір айдан асты. Алғашқы жұп Ербол Қамбатыров пен Дархан Әбдіманат арасындағы сөз сайысы өткен аптада түйінделгені аян. Арынды ақындарымыз қаншалықты салмақты сөз, тосын теңеу, оймақтай ой айтқанын оқырман қауым өзі пайымдайды. Десе де екі ақынымыз аянып қалмағаны, елордамыздың сәулеті мен дәулетін өлең тілінде өрнектей білгені сөзсіз. Бүгін, міне, сөз тізгіні екінші жұпқа тигелі отыр. Талай айтыс аламандарында жасындай жарқыраған Сарысудың алмас қылыштай ақыны Алик Бекмұсаев пен тараздық Райхан Алмасбекқызы көркем ой, кестелі сөз айтуға тастүйін дайын. Сөз сайысын сарысулық Алик Бекмұсаев бастайды. Ақындарымыз елдігіміздің символына айналған Астананы жырына арқау етпек. Ал газетіміздің алдағы сандарының бірінде Аликтің қарсыласы Райханға сөз кезегі тиеді. Оқырман қауым екінші жұптан да әдемі айтыс күтетіні жасырын емес. Ендеше сүйегіне сөз қонған қанжар тілді ақындарымызға сәттілік серік болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




