«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ескінің орнына - еурокод жүйесі

Ескінің орнына -  еурокод жүйесі
ашық дереккөз
Ескінің орнына - еурокод жүйесі

Облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асқар Рыспаев Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 46-49 қадамдарының 2017 жылы өңірде жүзеге асырылуы жайын журналистерге баяндап берді.

Мәселен, рұқсат алуды оңтайландыру туралы 46-қадам аясында құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы қағидаты енгізілген. «Құрылыс салу және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» жөніндегі 30 күндік бірінші саты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері арқылы жүзеге асырылады екен. Асқар Мақшанұлы бұл ретте техникалық, технологиялық жағынан күрделі және күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімдеріне жіті тоқталды. Жалпы 2017 жылы облыста 1216 сәулет-жоспарлау тапсырмасы беріліпті. Оның ішінде қызмет көрсетулердің 662-сі Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, 554-і аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдері тарапынан көрсетілген. Басқарма басшысы «Эскиздік жобаны келісуден өткізу» атты 20 күндік екінші сатының жүзеге қалай асырылатынына да тоқталып, 2017 жылы облыс бойынша 42 эскиздік жоба келісілгенін атап өтті. Ал 10 күн аясындағы үшінші саты нысан орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жүзеге асырылады екен. Баспасөз мәслихатында кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу жөніндегі 49-қадамның жүзеге асырылуы жайы да сөз болды. Бұл ретте бүгінгі күнге дейін пайдаланылып келген құрылыс нормалары мен ережелері 2020 жылдан бастап қолданыстан шығатыны тілге тиек етілді. Осыған байланысты облысымызда еңбек етіп жүрген құрылыс саласы мамандарының жаңа еурокод жүйесін игеруі бойынша жұмыстар жүзеге асырылған.

Ұқсас жаңалықтар