Облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Туған өлкеміздің тарихын жаңғыртайық!» атты акция бастады. Осыған орай облыс тұрғындарын өңірімізге танымал мәдениет және ғылым қайраткерлері, белгілі тұлғалар қолданған құнды жәдігерлер мен тарихи артефактілерді, естелік заттарды музейге тапсыруға шақыруда. Жұртты тарихта есімі алтын әріптермен жазылған танымал тұлғалардың жеке заттары мен тарихи жәдігерлерін құрметпен қарап, бағалап, ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды жинақтауға шақыратын игі шара ағымдағы жылдың аяғына дейін жалғаспақ. Осы арқылы ұйымдастырушылар музей қорын толықтырып, келушілерге жаңа, құнды жәдігерлерді ұсынуды көксеп отыр. – Қолында бар құнды дүниені, көне құжаттар мен фотосуреттерді, шеберлерден қалған бағалы бұйымдарды болашақ ұрпақ игілігіне айналдыруды көздеген азаматтар облыстық тарихи-өлкетану музейіне хабарласа алады. Музейге жинақталған тың жәдігерлер арнайы көрмеге қойылып, елдің назарына ұсынылмақ, – дейді музей директоры Гүлнұр Ембердиева.
«Ақ жол – Ақпарат»
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді