Facebook қызықты топтарға 10 млн доллар грант береді
Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша компания, Facebook-тағы ең қызықты топтарға грант негізінде 10 млн доллар беруге дайын, деп жазды hi-news.ru.
Әдеттегідей, бұл сома бірнеше жеңімпаздарға бөлінеді. Қызықты болып саналған 100-ден астам пабликтердің әрқайсысына 50 000 АҚШ доллары беріледі. Ал, ең табысты және қызықты топтарға 5 данадан 1 млн доллар табысталады. Бұл туралы Цукерберг Reuters-ке берген сұхбатында айтқан. «Мұның барлығы бүкіл әлем мен барлық пайдаланушыларды біріктіру үшін қажет. Ал, ең бастысы – қызықты бағыттарды кеңінен дамытуға және миллиардтаған адамдардың қызығушылығына қарай әртүрлі топтарға қосылуына көмектесу», – деді ол. Цукербергтің әріптесі Дженнифер Дальскийдің айтуынша, тұрғылықты жері мен жазылушылар санына қарамастан, конкурсқа кез келген адам қатыса алады. Жеңімпаздарды тәуелсіз сарапшылар тобы және Facebook қызметкерлері таңдайды. Қания Табыс Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді