Америкалық автомобиль шығаратын General Motors компаниясы оталуы қиын 3,2 млн. машинаны кері қайтарып алмақ. 2000 жылдан 2014 жылға дейін шығарылған автокөліктердің ақаулары бар бөліктері ауыстырылады.
Наурызда осыған ұқсас мәселелерге байланысты 2,6 млн. автокөлік кері қайтарылды. Соңғы партия – 500 мыңы өндірушіге өткен аптада қайтарылды. Осыған дейін General Motors-тың қаржылық шығындары болған жағдайға байланысты 400 млн. долларға бағаланды, ал қазір бұл сан 700 миллионға дейін өсті. Мамырда компанияға осы мәселені жедел шеше алмағаны үшін Америка заңымен рұқсат етілген ең жоғары айыппұл – 35 млн. доллар кесілді. Соңғы уақытта GM бірнеше рет белдік ақаулықтары мен қауіпсіздік жастықтары, өрт тұтану қаупі сияқты мәселелер үшін өз өнімдерін қайтарып алуына тура келген.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді