Түркияның байырғы тау шаңғысы курорты – Улудагта әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды, деп хабарлады turizm.ru сайты.
Оның ұзындығы – 8,8 шақырым. Ол Бурсу қаласын курорттың шаңғы жолдарымен байланыстырады. Енді шаңғышылар тауға Бурса теміржол вокзалынан бірден көтеріле алады. Улудаг көп жылдар бойы Түркияның жетекші тау шаңғысы курорты болып келеді. Алайда, соңғы жылдары оның түріктің жас тау шаңғысы курорттарымен бәсекелесуіне тура келді. Техниканың соңғы жетістіктерімен жарақтанған олар Улудагтан жайлылырақ және ауқымы жағынан да асып түседі. Сондықтан да курорт басшылығы оны жаңартуды шұғыл қолға алды. Аспалы жол 1400 метрге дейін жоғары көтеріледі. Ал Бурсаның өзі теңіз деңгейінен 395 метр биікте тұр. Тоғыз шақырымға жуық жолмен саяхаттау небәрі 12 минут уақыт алады. Жаңа аспалы жол 174 кабиналармен жарақтанған, оның әрқайсысы 8 кісіге есептелген. Бір сағатта ол 1500 адамды тасып жеткізе алады. Жаңа аспалы жолда мүмкіндігі шектеулі адамдардың да мұқтажы ойластырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




