Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ақбұлым ауылдық кітапханасы бірлесіп, «Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді. Оған ауылдағы Б.Беспаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шараны Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова ашып, Мұқағали жырларының тереңдігіне тоқталды. Бұдан соң Б.Беспаев атындағы орта мектеп мұғалімдері Айнұр Кәрімбаева, Рабиға Сырғабаева сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Әдеби-сазды кеш ақынның өлеңіне жазылған «Саржайлауым» әнімен аяқталып, Ақбұлым ауылының тұрғындары кітапханаға «Туған жер» атты ескерткіш-нобайын сыйға тартты. Бұл күні қазақ поэзиясының алдаспаны Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары оқылды. Залға жиналғандар ғасыр ақынының ғаламат өлеңдерінен ерекше әсер алғаны анық. Соңынан көпшілік «Ақиық ақын – Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесін тамашалады.
Әзиза Әбдірайымова, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




