Қай кезеңде, қай дәуірде болсын, Жамбыл жері әдебиеттің ордасы саналған. Талай тарландар мен қабырғалы қаламгерлердің мол мұрасы – ұрпаққа аманат. Осы орайда Әулиеата өңірінің әдеби антологиясын шығару жөнінде ұсыныстар жиі айтылатын. Енді міне, сең қозғалған секілді.
Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында Әулиеата өңірінің көптомдық әдеби антологиясын шығару жөніндегі ұсыныстар жан-жақты қарастырылды. Басқосу барысында алғаш сөз алған облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бұл іске әдебиетші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауым өкілдері жұмылған жұдырықтай атсалысуы қажеттігіне тоқталды. Мұнан соң жиналғандар өз ойларын ортаға салды. Кеңесіп пішкен тон келте болмайтынын айтқан азаматтар көптомдыққа енетін материалдарды сараптау үшін тақырыптар ұсынып, олардың жанрына, әр томына қатысты жұмыстардың жай-жапсарын талқылады. Шара барысында филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев, облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнұр Кембаева, ақылдастар алқасының мүшелері және өзгелер өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының жетекшісі Ахметжан Өзбеков бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігін айтты. Қазіргі таңда Мұхтар Әуезов атындағы ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «журналистика» факультетіндегі баспагерлік әдеби шығармашылық ұйымымен байланыс орнатылған. Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары шығарған көптомдықтардың артықшылығы мен кемшіліктері сарапталып, жауапты редакторлардың жұмыс жүйесі зерделеніпті. Жиынды облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев қорытындылап, алда атқарылатын жұмыстың ауқымды екенін сөз етті.
Элизат Қонысбай
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді