президент жолдауында еліміздің болашақтағы беделін ойлай отырып, әлемнің дамыған мемлекеттері қол жеткізген мүмкіндіктерге ұмтылудың жолдарына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар Елбасы: «Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік. Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді. Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі. 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді. Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті» деп атап көрсетті. Мұндай жаңалыққа қуанбағанда, қайтеміз? Біздің Меркі ауданының ақсақалдары елдік істерге үнемі қолдау көрсетеді. Олар Елбасының жасампаз істеріне дән риза. Қазіргі еліміз қол жеткізген белестермен осыдан 20 жыл бұрынғы жағдайымызды мүлдем салыстыруға келмейді. Бүгінде жалақы, зейнетақы уақытымен төленеді. Еліміз тыныш. Кім кәсіпкерлікпен шұғылданамын десе, оған қолдау бар. Ауылдардың да еңсесі көтеріліп келе жатқанын күнде көзіміз көріп жүр. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында барлық өңірлерде салынып жатқан жаңа мектеп, балабақшалар, көп қабатты тұрғын үйлер – ел игілігіне айналып отыр. Көп балалы отбасыларға, «Алтын алқалы» аналарға да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық көңіл қуантады. Сондықтан біз ақсақалдар Ұлт Көшбасшысын қашанда қолдаймыз. Мемлекет басшысы жоспарлап отырған барлық жобалардың сәтті жүзеге асып, Қазақстан әлемдегі ең айбынды, дамыған, өркениетті ел болатынына сеніміміз мол.
Әшен Қырғабақұлы, зейнеткер
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді