«Ағасын сыйламаған көрінбейді, Інісін сыйламаған көмілмейді»
- author «Ақ жол»
- 30 қаңтар, 2018
- 1.2k
«Аq jol» газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты ақындардың жазба айтысы сәтімен жалғасын тауып жатыр. Алғашқы жұп Ербол Қамбатыров пен Дархан Әбдіманаттың сөз сайысы уақыт өткен сайын қыза түсуде. Ақындардың астарлы әзілі мен қарымды ойлары оқырман тарапынан қызығушылық тудырған сыңайлы. Редакцияға қоңырау шалып, айтыстың жалғасын сұрағандардың қарасы көбейгенінен осындай ой түйдік. Ерекеңнің 23 қаңтар күні жарияланған уәжіне Дархан Әбдіманаттың жауабы келіп үлгерді. Аға мен іні арасындағы тартысты айтыстың екінші айналымы осымен түйінделеді. Әрмен қарай алғашқы жұп шешуші кезеңде соңғы рет мүмкіндік алып, доданы түйіндейді. Ендеше, бір-бірімен жіті таныс сыралғы қарсыластардан алдағы уақытта сүбелі сөз, салмақты ой күтеміз. Талай додада таланттарымен дүйім елді сүйсіндерген ақындарымызға сәттілік тілейміз!
(Ербол Қамбатыровқа жауап)
Қара нар неге сонша майдаландың? Керегі жоқ еді ғой байбаламның. Бір ауыз хабарласып айтпадың деп, Дұрыс қып өзіңдікін жайғап алдың. Əлекең қолдау жасап атсалысқан, Мен кімді шабарман қып сайлап алдым. Сен түгіл, Айтмұхамбет ағам келген, Арқасында Алик айтқан жай хабардың. Кішік бол демейді ме, ұлық болсаң, Жолыңды келем десең байлаған кім? Кісі боп қалған жоқпын кісі жұмсап, Апырай, кімнен жалған айғақ алдың?.. Керісінше, беташарға бармадым деп, Кешірім сұрайды деп ойлағанмын. Ең жақсы қорғанысты шабуыл деп, Қысылмай қара судан қаймақ алдың. Жұмыртқадан жүн қырыққан қу екенсің, Жолынан жігіт десем таймаған дым. Өзі айтпады дегенді сылтауратып, Немесе асаба боп тойға бардың. Сүйіншіге жетектеп маған келмей, Бет ашып, басқа жерден тайлақ алдың. Не керек айтып-айтпай, Ербол аға, Тұнығын сыйластықтың лайлаған кім? Қара нар-қара нармын деп едің ғой. Қолыңа сонда қандай байрақ алдың? Қара нар болсаң егер беташарға, Көш бастап келсең өзің қайда қалдың? Жанымыз жаман сөзден семірмейді, «Жақсы сөз – жарым ырыс» көңіл дейді. Осымен беташарды аяқтайық, Біздерге жазу күнде берілмейді. Келмедің, шақырмадың деп отырсақ, Өзекті өлеңіміз өрілмейді. Бостық емес, достықты танытайық, Ініңіз сыйласудан шегінбейді. Салғыласып отырған ұят екен, Ерекең жеңбейді, не жеңілмейді. Ақынның күйеуі ғой ақын жанды, Сондықтан ерегістен ерінбейді. Ереке, сыйласқанға не жетеді? Сыйлассаң абыройың төгілмейді. Ағасын сыйламаған көрінбейді, Інісін сыйламаған көмілмейді. Сүйе білген адамдар күйе білді, Күйе білген адамдар сүйе білді. Үйленген жалғыз адам мен емеспін, Ереке, жаға берме күйе, кірді. Одан да неге айтпайсың қазақ қызын, Шетелмен шағыстырған сүйегіңді. Мысалға қытайларға келін болып, Қара қытай жайлап жүр жиі еліңді. Сəбидің етін жейтін, ей, көршілер, Қышытпа «қазақ қыз» деп иегіңді! Қазағым, олай болса жетісіпсің, Адам жегіш қып алсаң күйеуіңді. «Первыйға» қыздарыңды алып-алып, «Второйға» жеп отса жиеніңді. Байзақ ауданыҰқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді