Алдында кездескеннің барлығын жайпап, жалмап кететін сары шегірткеге (саранча) қарсы күрес Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл сайынғы жоспарында тұратыны белгілі. Сондықтан болар, Үкімет оған жыл сайын қомақты қаржы бөлуде. Биыл да осынау егін мен өсімдік зиянкестерін жою жұмысын Астананың «Центр ПАНХ Қазақстан» ЖШС тендерде жеңіп алды.
– Шегірке ошақтарын жоюға қарсы шара мамыр айының 7-сінде басталған болатын, – дейді аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Самат Мақұлбаев. – Алдымен дәрі бүріккіштің көмегімен 710 гектар алқап «марокко» шегірткесінен залалсыздандырылды. Оны «Фитосанитария» мемлекеттік кәсіпорнының арнайы жасағы жүзеге асыруда. Осындай тәсілмен 100 гектар жердің 400 гектарына итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Авиацияның көмегімен 6000 гектарға дәрі шашу керек болатын. Қазір әуедегі «көмекшілеріміз» осының 3200 гектарына дәрі шашып та қойды. Аудан көлемінде зиянды бақашық қандаласы мен бидайға түсетін тат пен септериоз ауруларына қарсы да улы химикат пайдалануымыз қажет. Иә, бұл шара шапшаңдықты қажет етеді. Әйтпеген күнде Жезқазғандағыдай шегіртке ошағында жатқан зиянкестер оянып кетуі мүмкін. Мамандардың айтуына қарағанда әлі «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2700 гектар, «Ақтоған» және «Аян», «Шалқар» шаруа қожалықтарында 2070 гектар алқап химиялық жолмен өңделуі тиіс. Мұнымен қоса, аудан көлемінде болжам бойынша 11 мың гектардан аса жерге қаулап өсіп кеткен укекіреге қарсы жедел шаралар жүргізілуі тиіс. Оны әрине, шаруалар өз есебінен өңдейді.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол»
Тұрар Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді