«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Міндеттер мерейлі межеге жетелейді

Міндеттер мерейлі межеге жетелейді
ашық дереккөз
Міндеттер мерейлі межеге жетелейді

Елбасының халыққа Жолдауы жаңа жаһандану жағдайында біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы болып отыр десек, артық айтқандық емес. Жасампаздыққа жетелеген «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары табыстарымызға ұйытқы болып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне көш түзеді. Қай жағынан алып қарасақ та, Жолдауда айтылған мәселелер әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді еселеп арттырып, 30 елдің қатарынан орын алуға дем берері хақ.

Өткен жылға көз жүгіртер болсақ, Қазақстан халқы үшін жетістіктерге толы болды. Көптен күткен еліміздің үшінші жаңғыруы бастау алып, елдің еңсесін тіктейтін индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асты. Қазіргі әлемдегі бәсекелестіктің өзегі саналатын «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы экономикамыз бен өмірімізге ене бастады. Бір кездері қол жетпестей көрінген Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанып қана қоймай, биылдан бастап оған төрағалық етеміз. Дамудың көрсеткіші сонда, көршілес мемлекеттерге үлгі боларлық, халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өз деңгейінде өткіздік. Елбасы мен барша қазақстандықтардың табысты еңбектерінің нәтижесінде жаһандық дағдарыстар мен сын-қатерлерге төтеп берер нарықтық экономиканың бірегей моделі қалыптасты. Дегенмен қазіргі жаһанда қалыптасқан жағдайлар мемлекеттің бір орында тұрақтап қалуына жол бермейді. Ешқандай жаңа технологиялар мен заманауи инновациялық үлгілерге ілесе алмаған елдің болашағы бұлыңғыр. Ел келешегінің айқын айнасы саналатын Жолдауда Елбасы 10 негізгі тапсыраманы баса көрсетіп, тұжырымдап берді. Қазіргі кезде әлем елдерінде табиғи ресурстарға деген мұқтаждық жылдан-жылға артып келеді. Дамыған елдер өз кәсіпорындарын қазіргі заманға сай бейімдеп, табиғи таза өнім алуға батыл қадамдар жасауда. Бұл орайда біздің еліміз болашақта кәсіпорындарда энергия тиімділігін жан-жақты сақтай отырып, экспортқа шығаратын өнімдердің де экологиялық тазалығына мән беретін болады. Елбасының биылғы Жолдауын жасампаздық Жолдауы ретінде қабылдауымыз керек. Бұл құжатта алға қойылған міндеттер елімізді әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінуге бастайтын болады.

Сейтжан Орынбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, PhD докторы

Ұқсас жаңалықтар