Мәдениет
«Балапаным деп жүрсем, балам, сені, Кісі жұмсауға жарап қалғанбысың?»
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2018
- 372
«Балапаным деп жүрсем, балам, сені, Кісі жұмсауға жарап қалғанбысың?»
Газетіміздің 16 қаңтар күнгі №6 санында
«АQ JOL» газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты ақындардың жазба айтысы сәтімен жалғасып, Ербол Қамбатыровтың жыр тілінде жеткізген уәжіне оның қарсыласы Дархан Әбдіманат өз жауабын берген болатын. Талай аламан айтыстарда сыналған, сөз қадірін түсінетін екі ақынның астарлы әзілі мен танымы, айтар ойлары жұрт көңіліне жақса, жобаның үдеден шыққаны болар.
Алғашқы жұптың сөз сайысы күн өткен сайын қыза түсуде. Ағасының айтқан сынына үн қатқан Дарханның дара ойларына Ербол Қамбатыров жауап жолдап үлгерді. Үлкенге деген сыйластық сақталып, кішіге ізет көрсетумен әдіптелген ақындар айтысының жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Ербол Қамбатыров:
(Дархан Абдіманатқа жауап)
Бұл айтыс танытады тарланды шын, Тарланбысың, жоқ, əлде арланбысың? Шабына тиіп, айтқан шындық сөзім, Дегбірі кетіп Дархан, қорғанды шын. Жала жауып отырған жоқпын, жаным, Налимын ыңғайсыздау болғанға ісің. Көршіден хабар айтып жібергенге, Мен емес, қосылатын жолдан кісің. Қоңырау шала салсаң, аға тұтып, Кетіп қалмас еді ғой қолдан күшің. Атаңдай адам едім, ар-намысты, Атандай ердің жүгін қорғар мысым. «Алик аға ескертті» деп қоясың, Жалпағынан бір басып жалғанды шын. Аликтей бір ауданның бас ақынын, Шабарманың етіп сайлап алғанбысың? Балапаным деп жүрсем, балам, сені, Кісі жұмсауға жарап қалғанбысың? Аптықпа, бұл айтыстың аяғына, Жетпей қалып жүрмесін қалған күшің. Үмітіңді үзбегін, үндес інім, Емессің мына менің «күндес інім». Кішілікке жарайтын іні болсаң, Кісілікпен жасармыз бір кешірім. Не де болса, бас құрап алыпсың ғой, Уайымсыз, шын бақытты күй кеш, інім. Қуанышпен құттықтап бір барармын, Ашық болсын ағаңа үйде есігің. Келінмен жарасымды жанұя боп, Тербетіңдер бірігіп жыр бесігін. Шаттықты шаңырағыңа берсін Алла, Ербол менен Үміттің үйлесімін! Ел сенім артты бүгін Қара нарға, Балалар Қара нарды бағалар ма? Ізгілікпен ізет сақтап отырар ед(і), Інілер тартып туса бабаларға. Бабаларым армандап, аңсап жеткен, Тəуелсіз, дəл осындай дала бар ма? Алаштың абыройын аспандатқан, Астанам, сендей асқақ қала бар ма? Сол Астана бас ие болып отыр, Елдегі үлкен-кіші қалаларға. Менің де біраз айтар уəжім бар, Түсінер сендей, Дархан, дараларға. Астанадай бақылаушы боп жүрейін, Əйтпесе, албырттарға дауа бар ма? Бір қария керек қой бір ауылға, Бас-көз боп отыратын балаларға.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді