Арқа төсіндегі арман қала
Жамбыл атындағы облыстық Руханият орталығында "Арқа төсіндегі арман қала" атты "Ақ жол" газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе ұйымдастырған газет-айтыстың таныстырылымы, баспасөз мәслихаты өтті.
Басқосу барысында газет басшысы Қуат Әуесбай, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, айтыскер ақын, Қаратаудың Қара Нары Ербол Камбатыров ағаларымыз жобаның мақсатын толыққанды айтып өтті. Газет басшысы өз кезегінде "Ақ жолдың" алдағы уақытта өзге де жобалары бар екенін сөз етті.
Осы орайда ақпараттық қолдау көрсеткен "Jambyl" телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, "Знамя труда" газетінің басшысы Бекет Момынқұл, 77 телеарнасының басшысы Қалыбек Атжан, "Арай" жастар газетінің басшысы Масат Берік, "Жамбыл Тараз" газетінің басшысының міндетін атқарушы Ерман Абдиев ағаларға алғыс айтамыз!Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




