Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау мақсатында жасақталған ҚР Ұлттық ұлан күніне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынды 5513 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бауыржан Қабылбеков сөз сөйлеп ашып, бұл әскери құрылымның тарихына, бүгінгі таңда атқарып отырған қырағы қызметіне тоқталды. Ол өз сөзінде 1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылғанын, ал 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі әскер Ұлттық ұлан болып өзгертілгенін, 2015 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан туралы заңы қабылданғанын атап өтіп, сарбаздардың алдағы жұмыстарына да сәттілік тіледі. Мұнан соң облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Анатолий Мырзаханов Ұлттық ұлан жауынгерлерінің сергек жұмысына тоқталып, сардарлар мен сарбаздарды 26 жылдық мерейлі кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бұдан кейін ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығымен Анатолий Мырзаханов «Құқық қорғау әскеріне – 25 жыл» медалімен, әскердің қызметін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланымен өзара іс-қимылы, жемісті ынтымақтастығы үшін және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 26 жыл толуына орай 5513 әскери бөлімі командирінің бұйрығымен Құрмет грамотамен запастағы аға прапорщиктер Сиязбек Сыздықов, Юрий Насыров, Серік Қазбеков Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Жаңыл Сембекова, «JambуI» облыстық телеарнасындағы «Ел қорғаны» әскери-патриоттық бағдарламасының жүргізуші-редакторы ГауҺар Рысбай, Тараз қалалық Мәдениет үйінің директоры Лесхан Қазанбасов марапатталды. Мұнан соң «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы оркестрінің әскери өнерпаздары, «Кәусар» тобы патриоттық әндер шырқап, концерттік бағдарлама ұсынды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді