«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл 7 ұйым сатылымға шығарылады

Биыл 7 ұйым сатылымға шығарылады
ашық дереккөз
Биыл 7 ұйым сатылымға шығарылады

Cакен-Асатов

Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, басқа да алқалы жиындарда жекешелендіруге баса назар аударып, тиісті тапсырмалар берумен келеді. Жақында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да «Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет» деп атап көрсетті. Осынау мемлекеттік маңызы бар шара облыста қалай жүзеге асып жатыр? Осы сұрақтың төңірегінде облыстық әкімдіктің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Асатовпен әңгімелескен едік.

– Сәкен Уәшұлы, облыста жекешелендіру қалай жүргізілуде?

– Мемлекет басшысы аса жауапты науқанның жүзеге асырылуы барысын жіті қадағалап, Үкіметке нақты тапсырмалар беріп келеді. Былтырғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да: «Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын», – деп нақты міндет жүктеді. Елбасы күні кешегі Жолдауында да жекешелендіруді жеделдету қажет екенін тағы да еске салды. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына Үкіметтің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, облыс бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылған 37 ұйымның тізбесі бекітіліп, жол картасының негізінде жұмыстар жүргізілуде. Бәсекелес ортаға беруге ұсынылған 37 ұйымның 2014-2016 жылдары 2-еуі таратылса, 2015-2016 жылдары 10 ұйым сенімгерлік басқаруға берілді. Қалған 25 ұйымның 21-і коммуналдық меншіктен, ал 4-еуі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамынан екенін атап өтсем деймін. – Былтыр бәсекелес ортаға беруге жоспарланған ұйымның қаншасы иесін тапты? – 2017 жылдың қорытындысы бойынша жекешелендіруге жоспарланған 22 ұйымның 13-і сатылып, жалпы құны 1 миллиард 950,9 миллион теңгені құрады. Бір ұйым сенімгерлік басқаруға берілсе, 4-еуіне өтініштердің түспеуіне байланысты тендерлер мен аукциондар өтпеген болып танылды. – Ол қандай ұйымдар? Тарқатып айтсаңыз... – Облыстық коммуналдық меншік нысандары бойынша былтыр жекешелендіруге жоспарланған 19 нысанның ішінен «Қазақ күрес клубы», «Жамбыл» бокс клубы», «Тараз» волейбол клубы» және «Әулиеата» ат спорт клубы» сауда-саттықтан алынып, таратылу сатысында тұр. Ал 15-і болса өткен жылғы маусым-желтоқсан айларында сауда-саттыққа шығарылып, 11-і сатылды. Түскен қаржы 1 миллиард 930 миллион теңгені құрады. Атап айтқанда, «ТаразҚұрылысПроект» ЖШС – 2 миллион 788 мың, №1 қалалық емхана – 705 миллион 599 мың , №4 қалалық емхана – 387 миллион 504 мың, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС – 3 миллион 86 мың, «Таза қала Қаратау» ЖШС 10 миллион 878 мың теңгеге сатылып, өздерінің жаңа қожайындарын тапты. Сондай-ақ «Айша бибі» су добы клубы» МКҚК – 150 мың 640, Меркі ауданы әкімдігінің «Таза су» МКК – 26 миллион 384 мың, «Жасыл Ел Жуалы» ЖШС – 3 миллион 68 мың, «Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы» МКК – 765 миллион, «Шу Сервис» ЖШС-ның 41 пайыз мемлекеттік үлесі 21 миллион 47 мың және Сарысу ауданындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» ЖШС-ның 39 пайыз мемлекеттік үлесі 4 миллион 690 мың теңгеге сатылды. «№9 қалалық емханасы» МКК кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді (сатып алу бағасы 1 миллиард 30 миллион теңге). «Темір Жол-Жылу» МКК үш рет сенімгерлік басқаруға, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ 2016 жылы бір рет, былтыр үш рет сенімгерлік басқаруға және «Таразкоммуналкөлік» ЖШС бір рет аукционға қойылып, өтініштердің түспеуіне байланысты тендер, аукциондар өтпеген деп танылды. Мына мәселеге де назар аударып өтсем деймін. Облыс орталығындағы «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Hiqer Quazar» ЖШС-ның бірлескен электро-автобус паркін құру жобасының іске асырылуына байланысты «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-ның сатылымы тоқтатылған болатын. Алайда серіктестік сатылымға биыл шығарылады. – «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ бойынша сатылуы тиіс шаруашылықтар туралы не айтасыз? – Иә, Әбдір Сағынтаев атындағы және «Керімбай Оязбекұлы атындағы Көктал» ЖШС-лары 20,9 миллион теңгеге сатылса, «Тоғызкент» ЖШС-ның жарғысы Әділет органында қайта тіркеуден өтпегендіктен, биылға қалдырылды. – Биыл сауда-саттыққа қанша ұйым шығарылады? – «Айша бибі» санаторийі КМҚК, «Жамбыл-Жылу» МКК және «Торгово-закупочная компания» ЖШС және былтыр сауда-саттыққа шығарылып, өтпеген «ТаразЭнерогоОрталық» АҚ, «Темір Жол-Жылу» МКК, «Таразкоммуналкөлік» және «Тоғызкент» ЖШС-лары, барлығы 7 ұйым биыл сатылымға шығарылады. – Әңгімеңізге рахмет!

Амангелді ӘБІЛ

Ұқсас жаңалықтар