«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сіз армандаған үй

Сіз армандаған үй
ашық дереккөз
Сіз армандаған үй

жергілікті құрылыс-құрастыру компаниясының күшімен бірер ай ішінде-ақ тұрғызылады

Сіз бұған сенесіз бе? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де шындық осы. Өйткені, «Бином-Строй Деталь» ЖШС құрылыс-құрастыру компаниясының өзі де тікелей тап осы іспен – тұрғын үй құрылысына қажетті темірбетон бұйымдарын, қоршауларды, сондай-ақ түрлі құрылғылардың үстін жабуға арналған жабын тақталарын шығарумен айналысады. Мұнда панельдік үйлер шығаратын арнайы цех жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қомақты несиеге қол жеткізген компания оны бұдан төрт жыл бұрын іске қосқан-ды. Зауыт Бектөбе ауылында орналасқан. – 2012 жылы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Құрылыс индустриясына серпін беретін, дап-дайын тұрғын үй шығаруға бағытталған біздің цехымыздың жобасы, міне, осыған байланысты әзірленіп, ұсынылған еді. Мұндай үйлердің тоқсан пайыздай бөлігі цехта әзірленеді, содан кейін тікелей құрастырып жинау жүзеге асырылатын құрылыс алаңына жеткізіледі. Біз жеке бөлшектер, тақталар мен блоктар емес, дайын үй материалдарын шығарамыз. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген жағдайда жылына 30 мың текше метр тұрғын үйге қажетті ірі панельдер әзірлеу әлеуетіне ие. Мұның өзі 2 немесе 3 бөлмелі 400-500 пәтер деген сөз. Бұл тұрғыда өзіміздің төл жобаларымыз бар. Мұндай ірі панельді үйлер салу технологиясы елімізде бағзыдан бері жұмыс істейді.

Негізінен біз көп бағытта жұмыс жасаймыз. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ғана емес, жеке инвестицияландыру шеңберінде де тапсырыстар орындауға мүмкіндігіміз бар. Компания күні бүгінге дейін төменгі баға бағамын ұстануда. Біз салған тұрғын үйлер негізінен үшінші және төртінші санаттағы үйлер болып келеді, әсіресе жеке тұрғындар үшін қолжетімді. Компания қазір пәтерлерді әрбір шаршы метрін 135 мың теңгеге бағалап, сатуды үйлестіруде. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мекемесімен бірқатар келісімдер жасалған. Сондай-ақ Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында коттедждер қалашығын салуды бастадық. Оның алғашқысы пайдалануға да беріліп отыр, – дейді зауыт директоры Сергей Поздняков. Мұнда негізгі жабдықтар Германия мен Ресей елдерінен жеткізіледі екен. Зауыт басшысының айтуынша, панельдік құрылғы технологиясы кез келген үйді қысқа мерзім ішінде қайта салуға мүмкіндік береді. Бұл үшін ең бастысы қаражат пен ықылас, ниет болса жеткілікті. Ал панель комбинаты өзін тұтынушылар үшін сенімді, сапалы әрі қолжетімді жылжымайтын мүлік жеткізуші ретінде танытуда. Ең бастысы да осы ғой!

«Ақ жол-Ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар