Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы көпшілікке қозғау салды. Облыс орталығындағы Smаll, Damdes, Smart сауда супермаркеттеріне қойылған шыршаларға Тараз қалалық білім бөлімі шаһардағы барлық мектептерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балаларының тілегін іліп, тұрғындарды акцияға қатысуға шақырған еді.
Жаңа жылды балғындар ғажайыптар орын алатын ерекше мереке санайды. Әрине, Аяз атаның барына сенбесе де, олардың бұл мейрамда аға буынға айтар тілегі деп көп. Міне, сол тілектер шыршаларға ілініпті.Жеткіншектердің көкейіндегі арманын біліп, тілегін орындауға асыққандардың қатарында облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы да бар. Газет редакторы Қуат Әуесбай бастаған редакция қызметкерлері Smаll супермаркетіндегі «Тілектер шыршасына» ілінген үш балғынның қандай тілегі барын біліп, мереке қарсаңында армандаған сыйлықтарын тарту етті. «Менің де велосипедім болса» деп армандап жүрген Ділмұхамед Омаровтың, «планшет алсам, оқуды 5-ке оқимын» деген Рустам Амангелдінің, қуыршақ сұраған Айнұр Рахымбердинаның арманын орындап, күткен сыйлығын әперді.
Ардақ Үсейінова.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




