Елордадан ақжолтай хабар келіп жетті. «Қазмедиа» орталығында өткен «Жастардың әзіл-оспақ шоуы» сайысының финалдық кезеңіне қатысқан «Хочу в Жамбул» командасы астарлы әзіл, ұтымды ойларымен қазылар алқасын қайран қалдырып, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Қатарынан оза шапқан жерлестеріміз кубокті қанжығаға байлады.
Ақтық сынға тыңғылықты дайындықпен шыққан «Хочу в Жамбул» құрамасына Астана және Шығыс Қазақстан облысының командалары лайықты қарсылас бола білді. Алайда өнерлі жігіттеріміз талғампаз жұрттың көкейіндегісін тап басып, көңілдерін көтерді. Астанаға турист ретінде емес, жеңіске жету үшін келгендерін айқын аңғартты. Осылайша мерейі үстем болды. Таңдаулы құрамалар қатысқан тартысқа толы бәсекеде жеңіске жеткен жуалылық жігіттердің алар асулары алда екені анық. Елордадан еңсесін тіктеп оралған «Хочу в Жамбул» командасы мүшелерінің ендігі мақсаты – Ресейдің Сочи қаласында өтетін жайдарманшылар фестивалінде жасындай жарқырау. Қаңтарда Сочиге аттанатын жерлестерімізге шабыт тілеп, сәттілік серік болсын дейміз!
Есен ӨТЕУЛИЕВ, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




