Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жібек жолы жастары» волонтерлер қозғалысы бірлесіп, жастар арасында облыстық «Атамекен» ұйымаралық патриоттық ән байқауын ұйымдастырды.
Тараз химия-технологиялық колледжінде өткен шараны облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Талғат Шайхиев ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Студенттік ұйымаралық байқауға Тараз қаласындағы 6 жоғары және арнаулы оқу орындарының әншілері қатысты. Байқаудың талабына сәйкес өнерпаздар патриоттық әндерді шырқады. Байқау қорытындысы бойынша «Болашақ» колледжінің «Шаңырақ» клубының мүшесі Жалғас Әміре жеңімпаз атанды. Жалғас шырқаған әндер жүректен-жүрекке жетіп, көңілді баурады. Жүлделі екінші орынды Жамбыл медициналық колледжінің «Жібек жолы жастары» волонтерлік қозғалысының мүшесі Салтанат Серікова иеленсе, жүлделі үшінші орынға Жамбыл медициналық колледжінің студенті Ділнұр Перзентбай лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




