Республикалық «Алтын домбыра» айтысында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды
Ақтөбе қаласында өткен «Жыр арқауы – Жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысынан ақжолтай хабар жетті. Бұл аламан айтыста ақындар жыл қорытындысын шығарып, алтын домбыра иесін анықтады. Жылдың басты жыр додасы саналатын айтыста жерлесіміз, айтыскер ақын Әсет Дүйсебаев жүлделі үшінші орын биігінен көрініп, көптің қошеметіне ие болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай жеңіске қол жеткізіп, барша жамбылдықтардың мерейін асырған Әсет – тәуелсіздіктің төл құрдасы.
Ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын көпшілікке паш ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың төл өнері, құдіретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру мақсатына негізделген жыр додасына он ақын қатысып, бақ сынасты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтыс додасында Қазақстанның халық ақындары Қонысбай Əбіл, Əселхан Қалыбекова бастаған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы, ақын Мейірхан Ақдəулет секілді қазылар алқасы тақырыпты терең қаузап, әдемі айтыс жасай білген ақындарды іріктеді. Нәтижесінде Жандарбек Бұлғақов жеңімпаз деп табылып, екінші мәрте «Алтын домбыра» (3 миллион теңге) иегері атанса, Сырым Әуесхан бірінші орынды (2 миллион теңге) қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Жарқынбек Наушабек (1 миллион теңге) жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды (750 мың теңгеден) жерлесіміз Әсет Дүйсебаев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысовалар өзара бөлісті.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




