Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бөліп-жармай, бауырына басып келеді. Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы – басқа мемлекеттерге үлгі. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз. Бұл – нағыз патриоттардың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына, оның өз деңгейінде дамуына мүмкіндік берді. Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мемлекеттік тілді игеру – әрбір азаматтың ізгілікті борышы» деген сөзі еліміздегі әрбір адамды ойландыруға тиіс. Қорыта келгендегі мақсатымыз – өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдеріне жалаң сөздер мен сөз тіркестерін жаттатпай, үйренген сөздерін сөйлеуде, әңгімелескенде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру. Тіл – ғасырлар бойы дамып, қанатын кең жайып келе жатқан тарих құралы. Біз оның қадір-қасиетін зор бағалап, тіліміздің жандана беруіне тілеулес болуымыз керек. Мемлекеттік тілді үйренгісі келген әр азаматқа ерінбей, жалықпай шамамыз келгенше көмегімізді аямай жөн сілтейік. Сонда ғана біздің, тіл мамандарының, дұрыс бағыт ұстанып, еңбегіміздің жемісті болары сөзсіз.
Мария Тұрысбек, тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді