«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция Меркі аудандық Балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайында өтті. Конференция жұмысын аталған қоғамдық бірлестіктің төрайымы Шапағат Сүйімқұл ашып, жүргізіп отырды. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттер жөнінде хабарлама жасады.
Мұнан соң тіл маманы Жарқынай Талдыбаева «Ұлттық тәрбие – асыл қазына», А.Асқаров атындағы Меркі көп салалы колледжінің оқытушысы Құралай Нұридинова «Жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасап, бірнеше ойды қозғап өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы облыстық филиалының аға оқытушысы Эльмира Мырзалиева, №9 Меркі колледжінің оқытушысы Ырыс Ошақбаева да ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, білімгер Ерке Балтаева, Елизавета Зубкова жастардың атынан жалынды сөздерін арнап, ел дамуына үлес қоса беретіндерін жеткізді. Мұнан соң бірқатар белсенділер аталған қоғамдық ұйым тарапынан марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдени жетістіктер - руханияттың жемісі
- 9 қаңтар, 2025
Адамдарға нұр сыйлаған орталық
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді