Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің жылма-жыл дерлік Елбасының халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді ел-жұртқа түсіндіріп, насихаттау мақсатымен өңірлерге шығып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруы дәстүрге де айналып отыр.
Аталмыш өнер ұжымы бұрнағы күні оңтүстік аймаққа, оның ішінде Жамбыл жеріне де келді. Патриоттық бағыттағы бұл сапары аясында өнер ұжымының «Баласағұн» орталық концерт залында концерті табыспен өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің басшысы Мұхамеджан Таласовтың беташар сөзімен ашылған іс-шара бірден-ақ қызып жүре берген. Әсіресе, жеке әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Қайрат Жүнісовтің, Нұрлан Нұртазиннің, сондай-ақ, Қарлығаш Аббасованың, Әсел Іргебайдың, Сая Үмбетованың, Алтынай Хабдесованың, Азат Маликовтың құйқылжыта шырқаған әндері мен би тобы мүшелерінің мың бұрала билеуі, әскери-үрмелі оркестр өнері де көрермендерді (дені Оңтүстік өңірлік қолбасшылық басшылары, әскери қызметкерлер) айрықша әсерімен баурады. Соңынан өнершілерге Оңтүстік өңірлік қолбасшылық әскерінің қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов Алғыс хаттарын тапсырып, тиісінше сый-құрмет көрсетті. Ансамбльдің сапары одан әрі жалғасып, алдағы уақытта Т. Рысқұлов ауданында, Қордай ауданының Гвардейск әскери қалашығында болып, өнерлерін ортаға салмақ.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




