«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Білекпен бағындырмағанды біліммен бағындырасың

Білекпен бағындырмағанды біліммен бағындырасың
ашық дереккөз
Білекпен бағындырмағанды біліммен бағындырасың

Бүгінгідей жаһандану дәуірінде, еліміздің басқа мемлекеттермен саяси және мәдени қарым-қатынасы қалыпты арнаға түскен шақта үш тілді еркін меңгерген жасты мектеп қабырғасынан оқыту – басты міндетіміз. Технология атаулы қарыштап дамыған кезде көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан, тең дəрежеде оқытылады. Бүгінгі таңда елімізде көптілділік мəселесі көкейкесті болып отыр. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Көп тілділік – қазіргі қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін көп тілді меңгеру – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Елбасымыздың жастардың алдына қойып отырған ең басты міндеті де сол. Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге ағылшынша еркін сөйлеп, ел мәдениетін шетелге таныстыра алатын азаматтармен байланысты. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің емес, барлық саланы терең меңгерген сауатты болғаны ләзім. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы сабақ өту өте тиімді тәсіл екені белгілі. Жалпы, полиглот болғанның пайдасы өте зор. Адамның танымы артады. Көкейге көп нәрсені түйетін болады. Осы тұрғыдан келгенде үш тілді оқытудың жас ұрпақ үшін берері мол. Ендеше, сол бағытта аянбай тер төгетін кез келіп жетті. Елбасымыз да мұны бізге жүктеп отыр. Жұмылған жұдырықтай іске кіріссек, өскелең ұрпақтың сауатты тұлға болып қалыптасуына жол сілтей алатынымыз ақиқат.

Бану Мейірбекова, №47 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар