Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің мамандарына білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру міндеттері жүктелген. Сондықтан олар білім беру қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдарын және кәсіпкерлік пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да білім саласындағы заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алып жұмыс атқарады. Биыл департамент қызметкерлері аталған заңдарда көрсетілген талаптарға сай 155 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізуді жоспарлап, оның 52-сін өткізіпті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Дәмеш Үскімбаева аттестаттау қорытындыларын мәлімдеп, соған сай қандай шаралар қолға алынғанын айтып өтті. Оның айтуынша, аттестация нәтижелері бойынша 3 балабақша, 16 мектеп және 1 колледж мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталып, заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар беріліпті. – Облыста 63 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижелер бойынша көрсетілген кемшіліктер толығымен жойылмағандықтан, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша 10 білім мекемесінің басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, материалдары сотқа жолданды. Соның ішінде сот шешімімен 7 лауазымды тұлғаға 105 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды, – деді Дәмеш Шайхықызы. Департамент негізінен 2 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады. Атап айтсақ, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру және білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою. Ағымдағы жылы аталған мекемеге «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы 292 өтініш түскен. Оның 21-і лицензия алуға, 224-і лицензияға қосымша алу, 47-сі атауының өзгеруіне байланысты лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге байланысты түскен құжаттар екен. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу үшін білім алушылардан аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізуде. Сондай-ақ, апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің жағдайын, оқушы орындарының жетіспеушілігін анықтау, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, білім алушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау, діни білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жұмыстарын жүргізуде.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді