С.Ахметов Елбасына қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары жөнінде баяндады
- author «Ақ жол»
- 18 маусым, 2014
- 740
Мемлекет басшысы еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті министрліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін шешу екендігін атап өтті. С.Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол армияны әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты. Сонымен қатар С.Ахметов Президентті таяуда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті. Елбасы қорғаныс саласының басшысына кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
«Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




