Қасиет Молғаждаров, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы мәселе бірнеше ай талқыланды. Әр адамға пікір білдіруге мүмкіндік берілді. Бұл мемлекет дамуына тікелей қатысты мәселе болғандықтан, мен де пікір білдірдім. Азаматтардың ой-пікірі ескеріліп, соңғы нұсқада бірқатар дұрыс өзгерістер болды. Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл әрине – тарихи сәт. Енді бізге жаңа әліпбиіміздің емле, ережесін жетілдіру керек. Жалпы, латын графикасы қазақ халқына жаңалық емес. Өткен ғасырдың 40-жылдарына дейін осы әліпбиді қолданғанбыз. Бұл – біздің әлемдік ұлы көшке ілесуіміз үшін қажет. Жаңа инновациялар мен жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бүгінде республика халқының 40 пайызы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олардың көбісі, жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. Күнделікті тіршілігін дөңгелетіп жүр. Міне, латын графикасына көшу барысында сондай топтағы азаматтарды да оқыту, бейімдеу мәселесі қамтылса. Ал, университет пен колледждерде, мектептерде бұл мәселенің жүйелі түрде жүзеге асатынына сенімдімін. Қазақ жастары – ізденімпаз, арманшыл, талапты. Сондықтан, олар латын графикасына көшу мәселесін қызу қолдайды, жүзеге асыруға күш салады деген ойдамын. Сондықтан, бұл мәселе бойынша алғашқы қадам басталды. Еліміздің осы бағыттағы игі қадамы сәтті болғай деп тілеймін. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді