Жуырда ғана өзінің 50 жылдық мерейтойын тойлаған Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қазандағы бұйрығымен бұрынғы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгерді. «Елу жылда ел жаңа» демекші, бұл білім ордасы үшін үлкен жетістік. Оқу орнының тұңғыш ректоры – Машрап Абжанов. Осы кезге дейін білім ордасын 11 ректор басқарған. Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Дария Қожамжарова ТарМПИ-ді 3 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді. Университетте бүгінде 7 факультет, 26 кафедра бар. 29 бакалавр мамандығы бойынша мұғалімдер даярлайды. Мұнда қазір 6 мың студент білім алады. Оларға 15 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаты, 95 РҺD және 500-ге жуық оқытушы дәріс береді. Облыста 451 мектеп директоры бар болса, 200-і осы білім ордасының түлегі екен. Әр жылдары университет қабырғасынан аса талантты шәкірттер көп шықты. Мәртебең биіктей берсін, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті! Білікті ұстаздар даярлау жолындағы қызметтеріңіз абыройлы болғай!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




