Түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары сайланды
29 қазан күні – еліміз бойынша түрлі деңгейдегі мәслихаттардың шығып қалған депуттарының орнына сайлау өткізілгені белгілі. Осыған орай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізді.
Комиссия төрағасы атап көрсеткендей, сайлау ұйымшылдықпен, қалыпты жағдайда, жоғары деңгейде өткен. Мәселен, облыстық мәслихаттың Т.Рысқұлов ауданындағы №31 сайлау округі бойынша 16813 сайлаушы тіркелсе, олардың 13955-і өз таңдауын жасаған. Нәтижесінде, Ерболат Жапақұловқа 836, Ерлік Сейпішевке 1115 адам дауыс берген. Ал 11991 сайлаушының таңдауы Мұратхан Шүкеевке түскен. Сонымен, 86 пайызды құрайтын басым дауыспен Мұратхан Шүкеев облыстық мәслихатының депутаты болып сайланыпты. Сондай-ақ, Қордай аудандық мәслихатының №2 сайлау округі бойынша 3848 сайлаушы тіркелген. Олардың 3692-сі сайлауға қатысты. Нәтижесінде, Ясави Имаров 74,81 пайыз дауысқа ие болып, Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланыпты. Осы аудандағы №17 сайлау округінде 4923 сайлаушы болса, олардың 4686-сы өз таңдауын жасаған. Олардың 3537-сі Нұрдин Садықовты қолдап дауыс беріп, ол аудандық мәслихаттың депутаты болып Нұрдин Садықов сайланған.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




