Жуалы
Жас дарындар олимпиадасы Аудан әкімдігінің білім бөлімі және Алматы қаласындағы «Аlpha academy» білім академиясының бірлесіп №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында математика пәнінен олимпиада өткізді. Олимиадаға аудандағы 30 орта мектептен барлығынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Білім бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде жүлделі бірінші орынды №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нигора Әлімжан жеңіп алды. Ал, екінші орынды №29 А.Герцен атындағы орта мектептің оқушысы Назерке Наралы иеленсе, жүлделі үшінші орын №15 орта мектебінің оқушысы Дүйсенбек Исламға бұйырды. Марапаттарды аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, «Аlpha academy» білім академиясының директоры Бақнұр Зиябеков салтанатты жағдайда табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




