Саясат
Қазақстан мен Монако Князьдігі өзара құқықтық көмек туралы келісімшартқа қол қоймақ
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2014
- 765
Қазақстан мен Монако Князьдігі өзара құқықтық көмек туралы келісімшартқа қол қоймақ
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Еуропа елдеріндегі арнаулы өкілі Ұлан Байжанов Монако Князьдігінің Әділет министрі, Мемлекеттік кеңес төрағасы Филипп Нарминомен кездесті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты.
Кездесу барысында екіжақты халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Монако Князьдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісім-шарттың ережелері түпкілікті түрде келісілді. Тараптар бұдан әрі оған қол қойылуы үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдердің келісілуден өтуін ағымдағы жылғы қыркүйек айына дейін қамтамасыз ететін болып уағдаласты.
Осы орайда, Ф.Нармино Қазақстанның Бас Прокурорын аталмыш келісім-шартқа қол қою мақсатымен осы елге ресми іс-сапармен келіп қайтуға шақырды
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
«Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 28 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




