Облысымызға Корея Республикасындағы «Severance–KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қорының президенті Лариса Ан ханым келді. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің қатысуымен Тараздағы №1 қалалық аурухананың мәжіліс залында медицина саласының өкілдерімен жиын өтті.
Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, елімізде медицина саласын дамытуға қатысты шаралардың белсенді жүріп жатқанын, бұл ретте халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерге де сүйенетінімізге тоқталып, өңірімізге келген кореялық өкілге сөз берді. Лариса Ан осында келгеніне қуанышты екенін айтып, Корея еліндегі медицина жетістіктеріне арнайы слайдтар арқылы тоқталды. Оның ішінде «Severance-KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қорының мүмкіндіктерін кеңінен атап өтті. Біздің өңірдің дәрігерлеріне шетелде, әсіресе, Кореяда білімін жетілдіруге мол мүмкіндік бар екеніне көпшіліктің назарын аударды. Мұнан соң кореялық өкіл көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан кейін облыс әкімдігі мен Корея Республикасындағы «Seve-rance-KZ» Халықаралық медициналық қоғамдық қоры арасында әріптестік байланыс жөніндегі меморандумға қол қойылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков осында арнайы келген Лариса Ан ханымға және жиналған көпшілікке алғысын білдірді.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




