Экономика
Қашаған акционерлері кен орнын кезең-кезеңімен игермек
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2014
- 279
Қашаған акционерлері кен орнын кезең-кезеңімен игермек
Солтүстік Каспий консорциумына қатысушылар ҚР Үкіметімен Қашаған жобасын әзірлеу және игеру кезеңдерін одан әрі дамыту туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлады North Caspian Operating Company (NCOC) баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар таратылған ақпаратта тараптардың қазақстандық қамту мәселесін және жобаның өндірістік мүмкіншілігін талқылау келісіміне келгендігі айтылған. Меморандумға қол қою рәсімі 2014 жылдың 11 маусымында өтті.
"Аталған жоба аясында мемлекет, қатысушы компаниялар және North Caspian Operating Company арасындағы талқылаулар мен ынтымақтастықты дамыту жоспарын алға жылжыту таяу айлардың ішінде талқыланатын болады", - делінген хабарламада.
Солтүстік Каспий консорциумына қатысушылар мыналар: KMG Kashagan B.V., AGIP Caspian Sea B.V., CNPC Kazakhstan B.V., Exxon Mobil Kazakhstan Inc., INPEX North Caspian Sea Ltd., Shell Kazakhstan Development B.V., Total E&P Kazakhstan.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталып, алайда газ құбырындағы апат салдарынан тоқтатылған болатын.
Қазақстан Үкіметінің соңғы мәлімдемесіне қарағанда, Қашағаннан кен өндіру 2015 жылдың соңына таман жандануы мүмкін.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді