Елімізде қолға алына бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тұрғындар денсаулығын жақсартуды көздейді. Қазіргі таңда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне, яғни, емханаларға тіркеу жүріп жатыр. Бұл 15 қыркүйектен басталып, 15 қараша аралығын қамтиды. Мұның тиімді тұстары бар ма? Осы орайда медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Мавлюда Боқаевамен сұхбаттасқан едік. – Мавлюда Жапсарбайқызы, емханаға қалай тіркелуге болады? – Егер бұрынғы емхананың қызметіне көңіліңіз толатын болса, тіркелу науқаны кезінде қайта тіркеліп қажеті жоқ. Ал емхананы басқа жерге көшкен кезде, басқа жұмысқа немесе оқу орнына ауысқанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғанда, әскери міндетін өтеп болуына байланысты ауыстыруға болады. – Емханаға тіркелу жолдары қандай? – Оның еш қиындығы жоқ. Fmz.kz сайтынадағы «Клиника таңдауы» бөліміне кіріп, тиісті емхананы таңдайсыз. Сол емханаға барып, жеке куәлігіңізді тіркеу бөліміне көрсетіп, бас дәрігердің атына еркін түрде өтініш жазасыз. – Сол емханаға отбасының өзге мүшелерін де тіркей алады ма? – Иә, мұны жүзеге асыра алады. Ол үшін отбасындағы ересектердің бас дәрігердің атына жазылған тіркеу туралы арызы, тіркелетін отбасы мүшелерінің жеке куәліктері қажет. 18 жасқа толмаған балаларды ата-анасы немесе қамқоршысы тіркей алады. Ол үшін өзінің және балаларының да тіркелетінін жазып көрсетуі керек. – Бір уақытта бірнеше емханаға тіркелуге бола ма? – Болмайды. Азаматтар тек бір ғана емханаға тіркеле алады. – Қандай жағдайда үйге дәрігер шақырта аламыз? – Есіңізде болсын, сізді үйіңізге барып қарау туралы шешімді тіркелген дәрігеріңіз қабылдайды. Егер сіз емхана қызметін көрсететін аумақтан тыс жерде тұратын болсаңыз, емхана сізді үйге дәрігер шақыру құқығынан айыра алады. – Әңгімеңізге рахмет.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Менде жеке тұлғаларға табынушылық жоқ»
- 19 желтоқсан, 2024
«Тарихи мәні, тағдырлы мағынасы терең мереке»
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді