«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас

Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас
ашық дереккөз
Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас

Бермесең – алыспайсың, келмесең – алыстайсың

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда Бурабайда өткен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің аясында бірқатар шетелдік лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізген болатын. Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесу барысында Қазақстан мен Италия ынтымақтастығының сауда-экономикалық және инвестициялық салаларды қамтыған басымдығы бар бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті. Италия Премьер-Министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты. Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысының Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесуінде банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғаны, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратыны атап өтілді. – Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады. Қазақстан басшысының «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесуі барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Түрлі энергетикалық және мұнай-химиялық кәсіпорындарды біріктіретін «Шелл» халықаралық концерні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар