«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстандық туризмді дамытуға түріктер тартылады

Қазақстандық туризмді дамытуға түріктер тартылады
ашық дереккөз
Қазақстандық туризмді дамытуға түріктер тартылады

Каспий жағалауындағы Кендірлі курортын дамытуға түрік елінің іскерлері тартылуы мүмкін. Алдағы күзде үкімет инвестордың нақты қай компания екенін анықтайды. Ал суы ластанып бара жатқан Бурабай көлін тазарту жұмыстары мықтап қолға алынған.

Қазақстанның мақтанышына айналған көл үш жылдан соң мөлдір суымен келушілерді қарсы алмақ. Мәжілістегі Үкімет сағатында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев отандық туризмнің жай-күйі туралы есеп берді. Ең бастысы, Қазақстанда тынығу неге сонша қымбат екенін түсіндіруге тырысып көрді. Демалысқа санаулы күндер қалғанда депуттардың шет елдік және отандық курорттардың прайс-парақшаларын мұқият ақтарып шыққаны көрініп тұр. Үкімет мүшелері алдында біраз дерек келтірді. Туризм бойынша бәсекелесетін әлемдік рейтингте 140 елдің ішінде Қазақстан 88-ші орында. Исекешевтың есебінше Үкімет қазір инфрақұрылым тартуға 1,5 млрд АҚШ долларын бөлсе, жекеменшік сектор 2 миллиард доллар инвестиция құюға әзір. Сөйтіп, 2020 жылға қарай 270-300 мың жаңа жұмысы орын ашылады. Нәтижесінде туризм жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын құрайтын болады деп топшылайды. Ал қазір бұл сала жалпы ішкі өнімнің небәрі 0,3 пайызын құрайды. Қонақ күтумен күнелтетін алпауыттармен салыстырсақ: Францияда - 10 пайыз, Италия мен Швейцарияда 15 пайыз, АҚШ-та 4 миллион адам осы салада еңбектенеді. Бізде барлығы 168 мың азамат жұмылдырылған. Бұл жалпы жұмыс істейтін халықтың небәрі 2 пайызына тең. Депутаттар сонымен қатар министрге отандық шипажайларда демалу неге қымбатқа түседі деп бас салды. Бар табысты жазда өндіріп алуға тырысатын отандық демалыс орындары бағаны шарықтатып жібереді. Өйткені жылдың барлық мезгілінде қызмет көрсетуге көбі қауқарсыз. Каспий жағасындағы Кендірлі жобасына түріктердің көзі түсіпті. "Риксос" қонақ үй желісі салынады деген жоспар бар. Ал оның бағасы өз алдында бөлек әңгіме. Депутаттар батысқа ұшып-қону қалтаны тәуір ақ қағатынын алға тартты. Азаматтық авиация комитетінің өкілі бүгінде саяхатшыларды қолдау үшін 7 әуе рейсіне 1,3 миллиард теңге субсидия бөлінгенін айтты. Бірақ билет құнынан бұл байқалмайды. Бізге авиаотынның 25-30 пайызы Ресейден келеді. Биыл жанармайды зауыттан әуежайға тікелей жеткізетін оператор пайда болды. Бұл делдалдардың қалтасында кететін үстемені үнемдеуге сеп болады. Сөйтіп, сұйық отын бағасы жыл соңында арзандауы мүмкін, деді Мұнай және газ министрінің орынбасары. Депутаттар, Бурабай көліне қорықпай шомылатын күннің қашан туатынын сұрамай тұра алмады. 23 миллиард теңгеге тендер өткен. Алдағы 28 ай бойы, яғни үш жарым жыл ішінде Бурабай, Шучье, Қарасу көлдері қоқыстан тазартылмақ. Елдегі барлығы 18 көлдің көзін ашуға қазынадан 1,5 триллоин теңге қаралыпты. 2020 жылға қарай Бурабайда демаламыз. Соңғы үш жылда шет елге 27 миллион 200 мың жерлесіміз саяхаттаған. Ал, елімізге 18 миллион турист табан тірепті. Айырмашылық тоғыз миллион. Сондықтан ішкі туризмді дамыту үшін, Исекешев кеңес өкіметі кезіндегідей кәсіподақ жолдамаларын қайта енгізуді ұсынды. Жұмыс берушіні жолдаманың 20-30 немесе 50 пайызын көтеруге міндеттелсе, демалушы мұндай жеңілдіктен бас тартпайтынына сенімді.

Ақпарат көзі: www.nur.kz

Ұқсас жаңалықтар