
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлт руханиятын жаңа биікке көтерудің сан түрлі жолдарын көрсетіп бергені белгілі. Өнерлі елдің өрісі кең болмақ. Жамбыл жерінен де талай талант түлеп ұшқаны белгілі. Қай саланы алып қарасақ та, біз Алты Алашқа аты кеңінен танылған ардақтыларымызбен мақтана аламыз. Солардың бірі, өнерімен, өресімен күллі қазақ жұртының ыстық ықыласына ие болған майталман өнер шебері – Асанәлі Әшімов. Қазақ театр және кино өнерінің брендіне айналып кеткен КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек ері, актерлікпен режиссерлікті қатар алып жүрген абыздың жүріп өткен шығармашылық жолы мен өмірі кім-кімге болсын қызық екені сөзсіз. Осы орайда тұлға атындағы шығармашылық орталық аңызға айналған абыздың өмірі мен өнерін насихаттау мақсатымен көрме өткізді. Шолу көрмеге Асағаңның марапаттары, театр және кино өнерінде жүріп түскен фотоальбомдары, 5 томдық жинағы, фильмдерінің дискілері, Әшімовтің бекзат, дегдар әлеміне қатысты жазылған қоғам қайраткерлерінің лебіздері қойылды. Көрмеге келушілер Асанәлі Әшімов туралы барлық деректерді қызыға тамашалап, өнер корифейінің шығармашылығымен жіті танысты.
Гүлназ Садуақасова, Асанәлі Әшімов шығармашылық орталығының экскурсоводы.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық болмысты ұлықтаған қаламгер
- 22 мамыр, 2025
Сәулетшілер қашанда қоғам сұранысында
- 22 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді