«Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген осы ма?

«Сұлулық құрбандықты  талап етеді» деген осы ма?
ашық дереккөз
«Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген осы ма?

Сұлу болу үшін ота жасатып, адам шошырлық күйге түскен қытайлық қыздар еліне қайта алмай отыр деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ ақпарат агенттігі. Қыздар Оңтүстік Кореяға барып сұлулана түсу үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда, бір аптадан соң үйлеріне қайтпақ болған оларды Оңтүстік Кореяның әуежайында шекарашылар жібермей қойыпты. Себебі, ота жасатқан соң қыздардың беттері ісіп, түрлері адам танымастай өзгеріп кеткен. Тексеру бекетіндегілер қытайлық қыздардың қазіргі келбеті төлқұжаттағы суреттеріне мүлде ұқсамайтындығын айтып, оларды елдеріне жібермей, әуежайда ұстап отыр. Бүгінде қыз-келіншектердің дені сыртқы келбетін өзгерту үшін, түрлі қадамдарға барып жатады. Солардың құлағына «алтын сырға». Енді осы жағдайдың көп адамға ой салары даусыз...

Ұқсас жаңалықтар