Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр
Қырғыз Республикасында президент сайлауын жүргізетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, президент сайлауы бүгін, 15 қазанда сағат 8.00 мен 20.00 аралығында өтеді. Сайлауға 11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев. Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 234-і -- Бішкекте. Сағат 20.00-ден кейін бюллетендер саналып, сайлаушылардың даусы саналады. Сағат 21.00-ге дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялау жоспарланып отыр. Айта кетейік, нәтиже Қырғыз Республиксы Орталық Сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланады. Қырғыз Республикасы президенті 2017 жылдың 4 қарашасына дейін анықталады. Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




