Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гуля Мырзабекова өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жедел респираторлық вирустық инфекцияның және тұмаудың алдын алу. Вакцинация» тақырыбымен брифинг өткізіп, вирустық жұқпалар мен тұмаудың маусымына байланысты сақтану шараларын түсіндірді. Жыл сайын 20 мың адам вирустық жұқпаларға шалдығып, 130 мың адам тұмаумен сырқаттанады екен. Гуля Құралбекқызының айтуынша, 1 қазаннан басталған тұмау және жедел респираторлы вирусты жұқпалардың жаңа эпидемиологиялық маусымы 6 айға дейін жалғасады екен. Тұрақты жүргізілетін мониторингтің мәліметтерінен анықталғаны жүкті әйелдердің 30, 1 жасқа дейінгі балалардың 60 пайызы жедел респираторлық вирусты жұқпаларға шалдығады екен. Бұл ретте өңіріміздегі дәріхана жүйелері вирусқа қарсы препараттармен толық қамтылған. Медицина мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын балалар, жүкті әйелдер, жабық мекемедегі тұлғалар, медицина қызметкерлері тәуекел топтағы тұлғаларға жатады. Биыл облыстық бюджеттен тәуекел топқа жататын тұлғаларға арнап, 112 мыңнан аса тұмауға қарсы вакцина сатып алынып, қазіргі таңда тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталып та кетіпті. Сондай-ақ, Тараз қаласының емханаларында халықтың өз қаражаты есебінен екпе жүргізу ұйымдастырылуда. Дәріханалардағы бетперденің өзі вирустардан 90 пайыз қорғайды екен. Тұмаумен ауырған жағдайда лимон, сарымсақ, бал, пияз қолданғанның оң әсері көп екен. Күнделікті дене жаттығуын жасау, қолды үнемі сабынмен жуып жүру де адамның ауырмауына себеп болады. Жиын соңында Г.Мырзабекова БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді