«Талибан» қозғалысының жауынгерлері Ауғанстанда өтіп жатқан президент сайлауына келушілерді қырып салды деп хабарлайды BBC News.
Жексенбіде саяси науқанның екінші турына келген сайлаушыларға лаңкестер тарапынан шабуыл жасалып, салдарынан 46 адам көз жұмған. Сонымен қатар, тәлібтер Герат провинциясында дауыс беруге келген 11 адамның саусақтарын кесіп тастаған деп жазады жергілікті Khaama Press онлайн-басылымы. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сайлау кезінде «Талибан» тарапынан бүкіл ел аумағында 150 шабуыл жасалған. Өміріне қауіп төнгендіктен 7 миллионнан астам тұрғын дауыс беруден бас тартыпты. Алты мыңнан астам сайлау учаскесінің 200-і жабылып қалды. Айта кетейік, Ауғанстанда бүгінде президент сайлауы науқаны жүргізіліп жатыр. Екінші турға екі үміткер өткен: Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдулла Абдулла мен қаржы министрлігін бұған дейін басқарған Ашраф Ғани Ахмадзай. Сайлаудың қорытынды нәтижесі 22 шілде күні жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




