Қытайдың солтүстік-батысында Орталық Азия - Қытай газ құбыры С тармағының іске қосылуына арналған салтанатты шара өтті.
China National Petroleum Corp компаниясының басшысы Цзян Пиннің Қазақстанмен шекаралас Қорғас бақылау-өткізу бекетінде өткен шара барысында мәлімдеуінше, қазан айына қарай құбырдың бұл бөлігі арқылы Қытайға 14 миллиард текше метр газ тасымалданады. Құбырдың С тармағы Түркіменстаннан Өзбекстан және Қазақстан арқылы Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына тартылған. Оның газ тасымалдау қуаты жылына 25 миллиард текше метрге жетеді. 2009-2010 жылдары ашылған құбырдың А және В тармақтары С тармағымен жапсарлас жұмыс істеп тұр. Биыл құбырдың төртінші тармағы салына бастайды. Төрт тармақ бірдей толық қуатында жұмыс істегенде құбыр Қытайға бір жылда импорттайтын газының 40 пайызынан астамын тасымалдайды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




