ЖАПОНИЯ

ЖАПОНИЯ
ашық дереккөз
ЖАПОНИЯ

«Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен» деген. Әсіресе шетел мәдениеті, ондағы жастардың өмір сүру салты кез келгеніміз үшін қызықты. Сондықтан «Маздақтың» бір бұрышын шетел әдет-ғұрпына арнауды жөн санадық. Бүгінгі санда – Күншығыс елінің жастары жайлы мағлұмат.

* Токио – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Қауіпсіздігі соншалық, тіпті 6 жасар балалар өздері-ақ қоғамдық көлікпен жүре береді. * Жапондық отбасында бауырлардың еш себепсіз бір-бірімен тілдеспей жүруі, тіпті, телефон нөмірлерін білмеуі – қалыпты нәрсе. * Жастары негізінен өте ұяң, ұялшақ болып келеді. «Мен сені сүйемін» деген сөзді ғашығының өзіне айта алу – ерлікпен пара-пар. * Жапондықтардың 80 пайызы бірдеңені уайымдап, қобалжып тұрса, күле береді. * Өзге ел азаматымен дос болу – жапон жастары үшін үлкен мақтаныш. * Жастардың басым бөлігі ұсқынсыз көрінсе де сұр, көк түсті линзалар тағады. * Жапонияда егер аяқ киімді шешкен соң басын есікке қаратып қоймасаңыз, әдепсізсіздік болып саналады. * Ғашықтар күні қыздар өз сезімін білдіріп, жігіттерге сыйлықтар тарту етеді. * Университетте әрбір студентке өзіне тиесілі жеке жұмыс орны мен жеке компьютер беріледі. Ондағы студенттер оқуға тек емтихан тапсыру үшін ғана емес, жұмысқа келгендей күнделікті келеді. * Зерттеуге қажетті құрылғылар, іздену үшін аспирантура студенттері мен ғылыми жетекшіге жылына 1,5-2 мың еуро көлемінде қаржы бөлінеді. * Ғылыми ізденістегі студенттердің қажетті оқулықтары кітапханада жоқ болып шықса, оны сатып алуы үшін де ақша бөлінеді. * Магистратура немесе аспирантура студентіне халықаралық конференцияға барып, қатысып қайту үшін жылына бір рет 2 мың еуро көлемінде қаржы беріледі. * Шетелден келген студенттер мен оқытушылар үшін жылына екі рет жапон тілін үйренудің тегін курстары ұсынылады. * Жапондықтардың қарты болсын, жасы болсын, өте еңбекқор. Олар күніне үзіліссіз 18 сағат жұмыс істеп, небәрі 2 сағат ұйықтап алған соң қайта жұмысқа кірісе берулері мүмкін. * Олар үшін 4 күндік демалыс, бір ай еңбек демалысына шыққанмен тең. Жұмыстан біз секілді уақтылы, кешкі 7-де кету, жылына бір рет еңбек демалысына шығу, тіпті, ұят саналады. * Жапондықтардың ең бірінші сүйікті ісі – жақсы тамақтану, екінші – ел аралау, үшінші – автокөлік жүргізу.

Дайындаған Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Ұқсас жаңалықтар