Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Оған партияның Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі бюросының, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бюро отырысын партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев ашып, жүргізіп отырды.
Бюро отырысында қаралған алғашқы мәселе «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарында айқындалған аудан экономикасының 2012-2014 жылдары аралығындағы орындалу барысы туралы партия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде тұғырнамада көрсетілген алуан міндеттерді жүзеге асыруда, аудан көлемінде арнайы жоспарға негізделген ауқымды шаралардың атқарылып жатқанына тоқталды. Білім беру, денсаулық сақтау саласында толайым жетістіктер бар. Сол сияқты экономика саласында халықтың кірісін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда. – Партия тұғырнамасының басты мақсаты халықтың өмірін жайлы етуге бағытталған. Осыған орай аудан көлемінде оның ішінде ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы екі жылда бес ауылға су құбырлары мен су беру имараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Биыл Дихан, Түймекент, Жетібай, Ақжар ауылдарында су қабылдау имараттары мен су құбыры желілері құрылысын салуға республикалық және жергілікті бюджеттен 693,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, – деді Әзімхан Қилыбайұлы. Сонымен қатар ол аудан аумағындағы жергілікті мәндегі жолдардың да қайта жарақтандырып жатқандығын, құқық қорғау саласында да қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында кешенді шаралардың атқарылып жатқандығын тарқатып айтты. Бюро отырысында аудандық партия филиалы бақылау комиссиясының және партия филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылдың бес айында атқарған жұмысы жайлы мәселе де қаралды. Бұдан бөлек жиында 2014 жылдың үшінші тоқсанына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, екінші жарты жылдыққа арналған қоғамдық қабылдау кестесінің уақыты да нақтыланды. Бюро отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді