Елбасы өзінің үстіміздегі жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету міндетін қойды. Жуалы ауданында осы бағытта жұмыс істеп жатқан «Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуде. Егін және мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылық жыл сайын 500 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, жергілікті бюджетке 80 миллион теңге құюда. Серіктестік үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысында бюджетке 36 миллион теңге аударған. Егін және мал шаруашылығын қатар өрістетудің нәтижесінде 125 адамға жұмыс тауып беріп отыр. «Гамбургтың» қарамағында 2500 гектар егістік жер бар. Биыл арпа – 700, мақсары – 300, көп жылдық шөп – 520 және сүрлемдік жүгері 500 гектар алқапқа орналастырылған. Егін жаңбырлатқыш агрегаттармен суарылады. Мұның өзі су үнемдеумен қатар алқаптардан жоғары өнім алуға игі ықпалын тигізіп келеді. Оларды дұрыс күтіп-баптаудың нәтижесінде биыл да күтілгендегідей өнім алынуда. Мұнда мал қыстату науқанына арналып 3 мың тонна пішендеме, 1000 тонна пішен және 1000 тонна жем әзірленген. Күзде 8 мың тонна сүрлем әзірлеу көзделуде. Олар өздерін қажетті техникамен қамтамасыз еткен. Атап айтқанда, 3 астық жинайтын, 1 шөп оратын комбайндары және пішен шабатын 3 техникасы бар. «МТЗ-1221» тракторлары да олардың қолдарын ұзартып, белгіленген жұмысты уақтылы атқаруға мүмкіндік беруде. Серіктестіктің ірі тауарлы сүт фермасы бар. Онда 1120 бас қара ала тұқымды, 354 бас ақ бас тұқымды мүйізді ірі қара малы бағылады. Сондай-ақ 367 бас немістің асыл тұқымды шошқасы бар. Қазір күнделікті 420 бас сиыр сауылып, олардан өндірілген 5 тонна сүт «Меркі ірімшік зауытына» жөнелтілуде. Осында жылына 800-ге жуық мүйізді ірі қара малы бордақыланып, етке өткізіледі. Тараз қаласында ет өңдейтін шұжық цехы бар. Өндіріске жаңа технологияларды кеңінен енгізіп, мол табысқа қол жеткізіп жүрген шаруашылық өткен жылдан бері 800 басқа арналған озық үлгідегі тауарлы сүт фермасының құрылысын жүргізуде. Оның құрылысын келесі жылы аяқтап, іске қосу көзделуде. Нысанның жобалық-сметалық құны – 600 миллион теңге. Егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген серіктестікке мемлекет тарапынан қомақты қаржылай қолдау көрсетілуде. Олар өндірілген сүтке, етке және селекциялық жұмыстарға субсидия алуда. – Біз бұл жетістікпен шектеліп қалмаймыз. Келешекте шикізат өңдейтін өндіріс орындарын салуды көздеп отырмыз. Ет және сүт кластерін дамытуды қолға аламыз. Мұның өзі бізге тағы да ондаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – дейді «Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Егорь Кох.
Рахымқазы Құниязов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді