Алаш ардағы әлиханнан айтыс ақыны әзімбекке дейін
жаңа оқу жылында бірқатар мектептердің атауы да жаңарды
Елім деп еңбек еткеннің есімі ұмытылмайды.
Биылғы жаңа оқу жылында өңіріміздегі бірқатар мектептердің атауы да жаңарды. Соның бірі – Тараз қаласындағы №1 гимназия.
Енді 2 мыңға жуық оқушы білім алатын №1 гимназия көрнекті ғалым, Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталатын болды. Бұл жаңалықты 2 қыркүйекте өткен алғашқы қоңырау салтанатында гимназия директоры Ләззат Қызылғұлова көпшілікке жария етті. Салтанатты шараға Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Күлхадиша Пірәлиева қатысып, қайраткердің қазақ халқы үшін сіңірген еңбегіне, тоқталып, оқушыларды сапалы білім алуға шақырды.
* * *
Жаңа оқу жылы байзақтықтар үшін де жағымды жаңалықтармен басталды. Түймекент ауылындағы №1 орта мектепке Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі берілді.
Жиынға аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев, облыстық ішкі істер департаменті кадр жұмысы басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Семейхан Сексенбаев, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Үсібәлі Қалиев сөз сөйлеп, батырдың ерлік ісін еске алып, естелік айтты. Ғ.Байтасовтың есімін иеленген орта мектеп тақтасын аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев пен батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиева ашты.
Мұнан соң қонақтар мектепті аралап, Ғ.Байтасовқа арналған бұрышпен танысып, батырдың рухына арналып өткізілген волейбол турнирін тамашалады. * * * Әзімбек Жанқұлиев – Тегістік ауылындағы Чапаев орта мектебінде білім алған. Жаңа оқу жылынан бастап бұл білім ошағы Ауған соғысының ардагері, ақтаңгер айтыс ақыны, республикалық айтыстардың бірнеше дүркін бас жүлдегерінің есімімен аталатын болды.
Осы мектепте өткен салтанатты шараға аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қатысып, айтыс ақынының шығармашылығынан және өмір жолынан естеліктер айтты. «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық кеңесінің Тараз қалалық филиалының төрағасы Дүкенбай Ермеков, Әзімбектің туған ағасы Алтынбек Жанқұлиев сөз сөйлеп, батырына, ақынына құрмет көрсеткен жұртқа ризашылықтарын жеткізді. Ақынның бауырлары, туған-туыстары, ағайындары ас беріп, марқұмның рухына құран бағыштады.
Сарыкемер ауылында Әзімбек Жанқұлиев атындағы көше бар. Екі жыл сайын аудан орталығында Әзімбек Жанқұлиевтың рухына арналып облыстық айтыс өтіп тұрады. Мұның өзі ақынға деген үлкен құрмет болса керек. Енді міне, 150 оқушы Әзімбек Жанқұлиевтің есімімен аталатын мектепте білім алмақшы. Олардың ақын ағаларының есімі берілген білім ошағының беделін төмендетпейтініне сенім мол.
Тараз қаласы және Байзақ ауданы.
Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді