Дін тазалығы ынтымаққа бастайды

Дін тазалығы  ынтымаққа бастайды
ашық дереккөз
Дін тазалығы ынтымаққа бастайды

Конфессияаралық келісім Қордай ауданындағы 21380 адам тұратын, халқының 98 пайызын дүнген ұлтының өкілдері құрайтын Сортөбе ауылдық округінде де айшықты көрініс табуда. Мұндағы қазақ, орыс, ұйғыр, қырғыз, қарашай және басқа да ұлттардың өкілдері ұлтына, дініне, тіліне қарамастан тату-тәтті ынтымақтастықта күн кешуде.

Ауылдық округ әкімдігі дін мәселелері бойынша мешіттермен тығыз байланыс орнатып, өзекті жайларға қатысты тұрақты түрде кездесулер мен жиындар өткізіп тұрады. Тек ағымдағы жылдың басынан бергі аралықта ғана округ аумағындағы мешіттердің имамдарымен, діни бірлестіктердің жетекшілерімен 4 кездесу мен жиын өткізілді. Бұдан өзге сортөбеліктер аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудандағы құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырған бірнеше семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысты. Сондай-ақ, аумақтағы мешіттердің имамдары мен ауыл ақсақалдары облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Серғали Айдапкеловпен кездесуге белсене атсалысып, мешіттерді тіркеу және құқықтық құжаттарды әзірлеу, шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алып жүрген азаматтарды кері қайтару және басқа да мәселелер туралы ой бөлісті. Жалпы, округте дін мәселелері бойынша 2013 жылы және ағымдағы жылдың өткен бес айында қырықтан астам іс-шара өткізілді. Нақтылы кезеңде Сортөбе ауылдық округі аумағында 12 мешіт жұмыс істейді. Олардың барлығы да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде тіркеуден өткен. Жерге мемлекеттік актісі жоқ екі мешіттің құжаттары қазіргі кезде жедел әзірленуде. Округке қарасты аймаққа радикалды және деструктивті діни ағымдардың өкілдері аяқ басқан емес. Азаматтарымыз да дәстүрлі емес жат діни ағымдардың ықпалында кетуден аулақ. Округ бойынша экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бойынша штаб құрылып, жұмыс істеуде. Ауылдық округтегі білім мекемелерінде түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатымен, тоғызыншы сынып оқушыларына аптасына 1 сағат дінтану сабағы, ал басқа сыныптарға арнайы сынып сағаты өткізіледі. Мешіттерде исламның дәстүрлі Ханафи мазһабы ағымы ғана уағыздалады. Барлық имамдар мен дін тұтынушылар «Таблиғи жамағаттың» тыйым салынған ұйым екендігін және шетелдерде оқитын округ тұрғындарын кері қайтару керектігін жақсы біледі. Бүгінге дейін шетелдердегі теологиялық оқу орындарында оқып жүрген 9 азаматтың 6-ауы елге қайтып оралды. Қазіргі таңда, имамдармен бірге Сауд Арабиясында, Пәкістанда және Малайзиядағы қалған үшеуін де атамекенге кері қайтару үшін олардың туыстарымен үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізудеміз. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде, біз әрдайым мемлекетіміздің біртұтастығын, егемендігіміздің баянды болуын ойлауымыз қажет. Ол үшін әруақытта да береке-бірлікке, ынтымақты тірлікке, жарасымды жақсылыққа бастайтын қасиетті дінімізді таза ұстауға атсалысуға тиіспіз.

18Талайбек Абдылдаев, Сортөбе ауылдық округінің әкімі.

Ұқсас жаңалықтар