облыста ақ егістен әр гектардан 24,1 центнерден өнім алынды
Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға республикалық және жергілікті қазынадан 15,8 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 73,5 миллиард теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің көлемі – 59,3 миллиард, ал егін шаруашылығы өнімі 13,9 миллиард теңгені құраған. Үстіміздегі жылы 630,1 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары ораластырылып, жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың гектарға артқан. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 274,8 мың, майлы дақылдар 89,8 мың, қант қызылшасы 9,5 мың, картоп 9,5 мың, көкөніс-бақша дақылдары 39,5 мың, мал азығындық дақылдар 207,5 мың гектар алқапқа өсірілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев осындай деректерді алға тартты. Бүгінде облыс бойынша егін ору науқаны аяқталған. 258,5 мың гектар алқапқа егілген ақ егіс толықтай орылып, дәні бастырылыпты. Гектар қайтарымы орташа есеппен 24,1 центнерден айналып, 623,5 мың тонна астық қамбаға құйылған. Т.Рысқұлов пен Меркі аудандары биыл әр гектардан 25 центнерден өнім алып, көш бастағанын атап өту ләзім. Басқарма басшысының орынбасары өңірде кейінгі жылдары басымдық берілген қант қызылшасы туралы да тарата айтып берді. Алдағы жылы егіс көлемі 602,7 мың гектарға жоспарланып отырғанын жеткізген хабарламашы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар қайтарды.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




