Жәрмеңкелі жаздың алтын күзге ұласар шағында жиын-терін қызу жүргізілуде. Өнім де мол. Осыған байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында үстіміздегі жылдың 19-20 тамызы аралығында Астана қаласының «Қазақстан» спорттық кешені аумағында өткен Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне келушілер қарамы да мол болды. Елорда тұрғындары мен қонақтары әулиеаталық дихандар қолымен өндірілген сапалы әрі жаңадан сөреге түскен ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өңіріміздің тауар өндірушілері бұл жолы Астанаға ет, сүт, кондитерлік, шұжық және макарон өнімдерін, жұмыртқа, бал, күріш пен қарақұмық жармасын – жалпы құны 166,2 миллион теңгені құрайтын 277,6 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып барған болатын. Өнімдердің басым бөлігін – 213 тоннасын көкөніс пен жеміс-жидек құрайды. Тауарлар 7 арнайы рефрижератор көмегімен жеткізілді.
«Ақ жол» - Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




